Сербия өкілдері мен этникалық албандар жетекшілерінің дүйсенбі күні Венада өткен кездесуінде тараптар ортақ мәмілеге келе алған жоқ. БҰҰ-ның арнайы өкілі Марти Ахтисааридің айтуынша, Белград Косовоға тәуелсіздіктен басқаның бәрін де беруге дайын, ал бірақ Приштинаға тәуелсіздіктен басқа ешнәрсе қажет емес. Бұл Косово мен Сербия ресмилерінің Косовоның тәуелсіздігі туралы ресми түрде алғашқы рет өткізген талқылаулары.