Украинадағы саяси дағдарыс өзінің шарықтау шегіне жетті

Бүгін түні заң шығарушылар жаңа үкіметті құру жөніндегі ең соңғы мерзімді өткізіп алды. Енді Конституция талаптарына сәйкес президент Виктор Ющенко парламентті таратып, жаңа сайлау өткізу мерзімін белгілеуі тиіс болатын. Парламент бүгін кезектен тыс сессияға президент Ющенконы шақырып, саяси дағдарысты талқылауды ұсынды.