АҚШ-тың ауыл шаруашылық министрі Майк Йоханнс Астанада шілденің 25 күні бизнес форумда сөзінде АҚШ Қазақстанның әлемдік сауда ұйымының мүшесі атану ниетін қолдайды деп мәлімдеді. Ал, Қазақстанның ауыл шаруашылық министрі Ахметжан Есімов әлемдік сауда ұйымына қосылу жөніндегі келіссөздер барысында бәсеке таласы әділетті болу керек деген пікірін білдірді.
АҚШ-тың ауыл шаруашылық министрі Майк Йоханнстың айтуынша АҚШ делегациясы Қазақстанға өз өнімін өткізгісі келетін американдық компаниялармен бірге келген. Сонымен бірге, бұл жолғы делегация арасында ауыл шаруашылық өнімді Қазақстаннан сатып алғысы келетіндер де бар екенін айтты ол. Ал, Қазақстанның ауыл шаруашылық министрі Ахметжан Есімов, американдықтар өз өнімін өткізгісі келеді, бірақ Қазақсьан жағының оларға басқа да ұсынысы бар дейді:
- Біз оларға айтып отырғанымыз жаңа технология, жаңа техникамен келіп, осы жерде бірігіп жұмыс істеп, өсіріп-өндіріп, оны бірге сыртқа шығаруға толық мүмкіншілік бар.
Министрдің айтуынша Қазақстанға даму үшін ең әуелі жоғары технологиялар керек. Ал, АҚШ өкілдері мұндай техниканы Еуропа елдері де сатып жатқандығын біле отырып, белсенділігін арттырғысы келеді, дейді Ахметжан Есімов.
- Оның сыртында олар өз өнімдерін сатуға қажет базарды да іздейді, ал, Қазақстан тұрғындарының әл ауқаты өсіп келеді, - дейді министр.
Ал, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан «Глобалс интернешнл» компаниясының президенті Леонид Коганның айтуынша компания бірікккен кәсіпорын ашу ұсынысына келісімін берді, өйткені Қазақстан әрқашанда аграрлық ел болған, ал, жоғары технологиялар арқылы ауыл шаруашылық өнімін екі жарым есеге дейін көтеруге болады, дейді ол.
Қазір бұл компания ай сайын Қазақстанға шамамен 8 мың тонна құс етін сатып келеді. Соңғы уақытта бұл көрсеткіштер 20 пайызға өскен, деді компания басшысы. 13 жыл бойы шошқа және сиыр етін Қазақстанға сатып келе жатқан кәсіпорын өкілі қазір Қазақстанда біріккен екі құс фабрикасын салуды жоспарлап отырғандығын хабарлады. Ал, Қазақстанның ауыл шаруашылық министрі Ахметжан Есімовтың айтуынша дәл құс етіне келгенде көп сұрақтар туындайды. Әлемдік сауда ұйымына қосылу жөніндегі келіссөздер барысында бәсеке таласы әділетті болу керек, деді ол. Мысалы, екі ел арасындағы үлкен қашықтыққа қарамастан өнім бағасы неге арзан екен деген сұрақ туындайды, деді министр.
Ахметжан Есімовтың айтуынша соңғы жылдары құс еті мен балық етін тұтынудағы сатып алу көрсеткіштері 2-3 есеге өскен. Және құс етінінің жартысынан астамы Қазақстанға шетелден келеді. Оның ішінде 97 пайызы Еуропадан емес, жақын көршілерден емес, АҚШ-тан келеді. Ал, АҚШ-та жұмыс күші қымбат, технологиялар жоғары, энергоресурстардың бағасы Қазақстаннан қымбат, дейді министр. Ал, АҚШ компаниясының президенті Леонид Коганның айтуынша, Америка құсының Қазақстандағы өнімінен арзандығы технологияға байланысты, Америкада құс өнімін шығаратын технология әлемдегі ең дамығаны, бізде осы жерге жеткізетін құсты жейміз, деді ол.
Қазақстандағы фермерлер одағының төрағасы Әуезхан Дариновтың айтуынша, шетелдік компаниялармен келіскенше жергілікті өндірушілермен тіл табысу керек.Себебі, шетелдік өнім бәрібір қымбат болады және бұл қарапайым тұтынушының қалтасын қағады, дейді фермерлер одағының төрағасы Әуезхан Даринов:
- Шынындада бүгін статистика бойыншада етте, сүтте, майда, шайда сырттан келіп жатыр. Мысалы, 200 теңгеге ет тапсырсақ, өндірушілер оған 15 пайыз қосымша құн салығын қосып оның үстіне өзінікін қосып ет, сүт, майымыз қымбаттап кететіні содан.
Ал, ресми мәлімет бойынша бүгінгі күні қазақстандық компаниялар тұтынушыларды толық қанағаттандыра алмай отыр.