Сәрсенбі күні Алматы қаласы Ішкі істер департаменті шілденің 14-інде Шаңырақ ықшам ауданында болған қақтығыс кезінде жарақат алған полиция қызметкері Әсет Бейсеновтің есін жинай алмаған күйі көз жұмғаны туралы хабарлады. Полиция қызметкерінің үстіне жанармай құйып, өртеген деген күдікпен 4 адамды қамауға алынды. Қоғамдық ұйымдар болса, биліктен Шаңырақтағы қақтығыста заң бұзғандарды анықтау барысында жазықсыз адамдардың жапа шекпеуін талап етіп отыр.
Шілденің 26-күні Алматы ауруханасында қайтыс болған 24 жастағы Әсет Бейсенов Алматы қаласындағы Бостандық ауданы бойынша ішкі істер бөлімінде 2004 жылдан бастап жұмыс істеген. Тергеу бөлімінің бастығы Рауан Асылханов өз қызметтесін жауапкершілігі мол азамат еді деп еске алды.
- Жұмыс барысында өзін тек қана озық жағынан көрсете білді. Денсаулығы ерекше мықты Әсетке үнемі жауапты істер жүктелетін. Ол тапсырманың барлығын ойдағыдай атқарып шығатын.
Шілденің 14-күні Шаңырақтағы тұрғындар мен билік өкілдері арасындағы қақтығыс кезінде полиция офицерінің үстіне жанармай құйып, қасақана от қойған деп күдіктелген 4 адам қазір ұсталды, деп хабарлады Алматы қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі бастығының міндетін атқарушы Ян Гирин «Азаттық» радиосына берген сұхбатында.
Апта басында жаңадан құрылған «Шаңыраққа тірек» қоғамдық комитетінің төрағасы Дос Көшім мырза Шағырақтағы қақтығыс кезінде заң бұзғандарды анықтау кезінде билік жазықсыз жандардың жап шекпеуін қадағалау керек дейді.
- Біз ең басында, осы үйлер бұзыла бастағанда мәлімдеме жасап, осы оқиғаның арты қанды болатынын да айтқанбыз. Осындай құрбанға алып келген оқиға үшін кінәнің бір жағы - билік мойнында. Өйткені, осы үйлер тұрғызыла бастағанда үндемеген билік, енді бұл үйлердің заңды-заңсыздығын анықтай алмай жатыр. Біз осы мәселеде жазықсыз адамдарды қорқыту үшін басқа біреулер сотталып кетпеуін қадағалауымыз керек. Екі ортада шыбын өледі демекші, ашынған халық пен билік ортасындағы қақтығыста ешқайсына қатысы жоқ адам қаза тапты.
Шаңырақтағы қақтығыс кезінде тұрғындар мен билік өкілдері арасында келіссөз жүргізген белсенді топ мүшелерінің бірі, «Қазақ мемлекеті» қозғалысының жетекшісі Арон Атабек он күннен бері Алматының тергеу абақтысында қамауда отыр. «Жер-Ана» бірлестігінің төрағасы Сәлім Оразалиев Арон Атабектің қазіргі жағдайы туралы шілденің 27-күні «Азаттық» радиосына былай деп жеткізді:
- Арон Атабекке айып тағуға дайын деп айтты оның адвокаты. Кеше оны полиция қызметкерін өртеген деген күдікпен ұсталған Құрманғазы Өтегеновпен беттестірді. Соның қорытындысы бойынша, енді айып белгіленуі керек. Маған жеткен ақпарат бойынша, ұстаған кезде Құрманғазының аяғын ұрып сындырған көрінеді.
Алматы қаласының прокуратурасы Шаңырақта болған оқиғаға байланысты, бүлік ұйымдастыру және қатысу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл істі тергеу Қазақстан Республикасы шкі істер министрлігінің қарауында болмақ деп хабарлайды Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.