Қазақстанда өндірілетін мұнайдан түскен әр 100 доллардың Қазақстанда қалатыны тек 8 доллар. Бұл туралы шілденің 28 күні Астанада «Каспий табиғаты» деп аталатын Атыраулық үкіметтік емес ұйымының өкілі Махамбет Хәкімов хабарлады. Ал кейбір шетелдік сарапшылар, мұнай компанияларымен жасалатын келісімдерге қол қоятын Қазақстан үкіметінің өзі дегенді алға тартады
«Сорос Қазақстан» және «Әлемдік банк» қаржысына жиын өткізген бірнеше қазақстандық үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері журналистердің алдында мұнай табысын қоғам қадағалау керек деген мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша бұл шараның айғағы ретінде Қазақстан үкіметі, үкіметтік емес ұйымдар, парламент және мұнай компаниялары арасында меморандумға қол қойылды. Бірақ, мұнай табысын қоғам қадағалау керек деген шараны қолға алған 50 үкіметтік емес ұйымы кірген коалиция төрайымы Тоғжан Кизатованың айтуынша кейбір мұнай компаниялары табыстары жөніндегі ақпаратты беруден бас тартқан:
- Қазір мұнай компанияларынан 48 компанияның 38-і қосылды, тағы да 10 компания қалды. «Теңізшевройл» және «Аджип» қосылған жоқ.
Осы коалиция жариялаған ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда мұнай компанияларының ақпараты ашық емес, соның кесірінен көптеген проблемалар туындап отырады. Мысалы, биылғы жылы әлемдегі мұнай бағасы бұрын-соңды болмаған көрсеткіштерге жетті. Бірақ, мұнай бағасының көтерілуі Қазақстанда жұмыс істеп жатқан мұнай компанияларының табысын ұлғайтқанымен, тұрғындардың басым көпшілігі кезекті рет жанар-жағар май бағасының қымбаттауына көнуге мәжбүр болып отыр, дейді кейбір сарапшылар. Ал, «Каспий табиғаты» деп аталатын Атыраулық үкіметтік емес ұйымының өкілі Махамбет Хәкімовтың айтуынша, Қазақстанда өндірілетін мұнайдан түскен табыстың 92 пайызы шетелдерге кетеді:
- Эксперттердің санауы бойынша, 100 доллардың 92-сі шетелге кетеді, тек 8-і бізде қалады, ол - есеп істеген әлемдік банктің әңгімесі. Оффшорлық зона деген бар, жобалардың жабықтығы, солай кетіп жатыр. Мысалы, мұнай қоры деген әңгіме шықты. Одан кейбір фирмаларды босатқан. Мысалы, «Шеврон» ақша төлемейді, «Аджип» та төлемейді, төлейтін - тек қазақ компаниялары. Ал оларды неге босатамыз? Олар біздің мұнайымызды шығарады, салығын төлемейді. Оның бәрі саясатқа жатады.
Ал, Қазақстанның энергетика және минералды ресурстар министрлігінің маманы Амантай Суесиновтың айтуынша, шетелдік мұнай компанияларымен жасалатын келісімдер 30 жылға жасалады, бірақ Қазақстанда өндірілетін мұнайдан түскен әр 100 доллардың Қазақстанда қалатыны тек 8 доллар деген ақпарат өтірік, дейді ол:
- 1993 жылдан басталды ғой. Сол кезде біздің заңдарымыз көп болған жоқ. Ол кезде инвесторды қалай мында тартасың? Бірақ, қазір керісінше, қатайып келе жатыр. Бізде салықпен бюджетке келетіні 27 пайыз, Ресейде 30-дан астам, Еуропада, Норвегияда мүмкін 40-50 шығар.
Ал, Қазақстан президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі комиссия мүшесі заңгер Марат Башимовтың айтуынша дамыған мемлекеттерде мұнай компаниялары ақпараттарын жасырмайды:
- Барлық жерге көмектесеміз дейді, биржаларға қатысамыз дейді, ал бізде неге олар көрсетпейді? Бірдемені көрсеткісі келмейді, бірдемеден қашады. Сол үшін Британия премьер-министрі Блэр айтқан, барлық жерде, дүние жүзінде қосылып сондай нәрсені істейік деп.
Оның сыртында, үкіметтік емес ұйым өкілдерінің айтуынша, мұнай тауып жатқан компаниялардың көбі босатылып шығатын газды өртеп жатыр. Ал, бұл жағдайда ауаға көмір қышқыл газымен азот қышқылы шығып, ауаны ластайды, дейді экологтар. Дәрігерлердің айтуынша, «Теңізшевройл» компаниясына жақын жатқан елді мекендердегі тұрғындардың барлығының дерлік денсаулықтары нашар . Ресми мәлімет бойынша, бұл кәсіпорында 1993 жылдан бері 250 жұмыскер қаза болған.
Нью Йорктағы университет өкілі Кэролайн Кейси: «мұнай компанияларымен жасалатын келісімдерге қол қоятын Қазақстан үкіметінің өзі, сондықтан мұнай компанияларын айыптауға болмайды», дейді.
Ал, АҚШ-тың энергетика министрлігі Каспийде 200 миллиард баррель мұнай бар деген жорамал жасаған. Мұнай көлемі бойынша, Қазақстан Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің ішінде Ресейден кейін екінші орында.