БҰҰ-ның төтенше көмек көрсету кеңсесінің үйлестірушісі Израйл мен Хизболланы соғысты тоқтатып, үзіліс жасауға шақырды

БҰҰ-ның қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі ресмилері, Оңтүстік Ливандағы бейбіт тұрғындардың басқа жерге көшуіне мүмкіндік беруге және оларға көмек көрсету үшін бұл аймақтағы қақтығысты 72 сағатқа тоқтатуға үндеді. БҰҰ-ның төтенше көмек көрсету кеңсесінің үйлестірушісі Ян Егеланд, Израйл мен Хизболланы соғысты тоқтатып, үзіліс жасауға шақырғанын айтады. Оның сөзіне қарағанда, екі аптадан аса уақыт жалғасқан соғыс барысында мыңдаған бала мен жасы ұлғайғандар және мүгедек жандар қиындықта қалып, азық-түлік пен медициналық көмекке зәру болып отыр.