Ирақтағы діни жікшілдік қақтығыстар одан әрі жалғасуда

Сенбі күні Бағдадтың батысында қарулы топ шиитердің екі мешітіне шабуыл жасады. Билік өкілдері екі көлікпен келген қарулы жаугерлер мылтықпен Мохаммад Расулуллах мешітіне оқ жаудырған. Мешіттің бір күзетшісі жараланған. Одан кейін жарты сағаттан соң, Ашра әл Мубашара мешітін қарулы адамдар басып алған. Олар полиция келгенде қашып кеткен.