Франция президенті мен Иордания патшасы Израильдің Қанадағы шабуылын сынады

Франция президенті Жак Ширак пен Иордания патшасы Абдулла Ливанның Қана ауылына жасалған Израиль шабуылдарын сынады. Ширактың айтуынша, бұл оқиға атыстың тезарада тоқтатылуы керек екендігін көрсетті. Ал Иордания патшасы бұл шабуылды “оңбаған қылмыс” деп атады. Франция әскери әрекеттерді тезарада тоқтатуға шақыратын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарар жобасын әзірлеген болатын.