Ауғанстандағы жарылыстан кемінде 6 адам құрбан болды

Ауғанстанның шығысындағы Жалалабадта бір мешіттің жанында орын алған жарылыстан кемінде 6 адам қаза тауып, бірнеше кісі жараланды. Хабарларға қарағанда, бомба полиция қызметкерлерінің көлігіне қойылған көрінеді. Нангархар провинциясының әкімі Гул Афға Шерзай мешітке барған болатын, бірақ ол аман қалған.