Теһран түрмесінде студенттердің белсендісі қаза тапты

Иранның “ISNA” ақпарат агенттігінің хабарлауынша, студенттер белсендісі Акбар Мохаммади Теһран түрмесінде қаза тапқан. Мохаммади бұдан 5 күн бұрын аштық жариялаған болатын. Тергеушілер қазір оның өлімінің себептерін анықтауда. Мохаммади студенттердің наразылық шарасынан кейін 1999-шы жылы қамауға алынған болатын.