Бүгін Ирақтағы шабуылдардан 40 адам қайтыс болды

Бүгін Ирақта орын алған бомба жарылыстары кем дегенде 40 адамның өмірін қиды. Бағдадтың орталығында көлік жарылысы болып, 14 адам опат болды. Және бірнеше жараланғандар бар. Сонымен қатар, Бағдадтың солтүстігінде жол бойына қойылған бомбадан әскери керуенмен келе жатқан 20 Ирақ әскері мерт болды. Оның алдында, Бағдадтың солтүстік жағындағы Мухдадиях қаласындағы тағы бір көлік жарылысынан 6 кісі қаза тапты.