Тәжікстан әлем елдерін жақында жерсілкінісінен зардап шеккен үш ауылды қайта құруға жәрдем беруге шақырды. Президент Имомали Рахмоновтың баспасөз-хатшысы инфрақұрылымды қайта құру үшін Тәжікстанға ақша керек деді. Түркия елі өз көмегін ұсынды. Шілденің 29-ы күні орын алған зілзаладан 3 адам қаза тауып, мыңдаған адам үйсіз қалған болатын.