Алматыдағы жалдап алған өз пәтерінде Франциялық журналист өлі күйінде табылды

Министрлік өкілі Илияс Омаровтың айтуынша, Грегуар Дебург есімді ол журналист Медиа кеңес тобында жұмыс істеген. Марқұм АҚШ-тағы бір жорналға Қазақстан туралы мақала жазу үшін дерек жинап жүрген көрінеді. «Әділ сөз» бейүкіметтік ұйымының, полиция дерегіне сүйеніп айтуынша, ол қасақана өлімге кезіккен, бірақ мұнда саяси астар жоқ көрінеді.