Тамыздың екісінде Алматыда француз журналисі Грегуар де Бург қаскүнемдер қолынан қаза болды. Қазақстанда мамыр айынан бері батыстың «Foreign affairs» басылымының тілшісі ретінде жұмыс істеп келген шетелдік азаматты өзі жалдап тұрған пәтерде белгісіз біреулер өлтіріп кеткен.
25 жасар француз журналисі Грегуар де Бург Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде 2006 жылдың мамырынан бері тіркеліп, жұмыс істеп келген. Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, Грегуар де Бург батыс басылымдары үшін елдің экономикалық дамуы жайында деректер жинап жүрген. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі бастығының орынбасары Олег Иващенко бұл қылмыстың артында саяси мән жоқ дейді:
- Алдын-ала болжам бойынша, қарақшылар журналисті тонау мақсатымен өлтірген, марқұм бірнеше жерден салған пышақ жарақатынан қаза болған. Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Ернұр Уәли қандай да ақпарат беруге ерте екендігін айтады.
- Хабар келіп түсті, ал оның кім хабарлағаны жөнінде тергеу жүріп жатыр. Іс ашылған кезде сіздерге толық ақпарат береміз. Ол басшылардың бақылауында.
Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі, француз журналисінің өлімі жөніндегі істі елдің ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов жеке бақылауына алатынын хабарлап отыр.
Қазақстандағы сөз бостандығын қорғаушы «Әділ сөз» қорының президенті Тамара Қалеева француз журналисінің мәйіті табылғаны жайында ақпаратты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Алматыдағы орталығының қызметкерлері жеткізгендігін айтады.
- Біз мұны естіген соң, бірден ішкі істер департаментіне хабарласып, анық-қанығын білмек болдық. Грегуар де Бург біздің қормен араласқан емес, бұл журналист ашық ақпарат көздерімен ғана жұмыс істеген болуы керек. Өйткені, белгілі бір басылым немесе қазақстандық агенттіктермен етене араласқандығы жөнінде ақпарат таппадық, - деді Т.Қалеева.
Тамыздың 4-күні түстен кейін «Әділ сөз» қорының сайтында, француз журналисінің қазасына қатысты тың деректер жарияланды. Грегуар де Бург тұрған үйдегі көршілері шетелдік азаматты ашық-жарқын адам ретінде білгенін, марқұмның ешқашан есікті жабық ұстамағанын айтқан. Ал тамыздың 2-күні кешке ол іссапармен Астанаға ұшпақ болған екен.
Сондай-ақ, журналисті өлтіруге үш адам қатысқаны жазылған. Олар Грегуар де Бургтің жанында болған аудармашы әйелді байлап, екінші бөлмеге қамап қойып, өздері бір сағаттан астам уақыт осы пәтерде болған. Олар кеткен соң байлауды шешіп, әлгі аудармашы полицияға хабар бергені айтылған. «Әділ сөз» қорының хабарлауынша, Алматы ішкі істер департаментінің мамандары қылмыскерлер марқұмды ерекше қатыгездікпен өлтіргенін айтыпты. Мәйітте бірнеше жерден салынған пышақ іздері табылған, сондай-ақ қаскөйлер өлтірерден бұрын шетелдік азаматты қинап-азаптаған деген болжам жасалып отыр.
2005 жылы Қазақстанда түрлі жағдайда 10 журналист қаза тапқан. Олардың арасында шетелдік азаматтар жоқ. 1997 жылы қаңтар айында халықаралық "Интерньюс-Нетуорк" ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің директоры Кристофер Геринг есімді шетелдік азамат Алматыдағы тұрып жатқан пәтерінде өлі күйінде табылған болатын.
Грегуар де Бург биылғы жыл басынан бері, Алтынбек Сәрсенбайұлынан кейін, Қазақстанда кісі қолынан бақилық болған екінші журналист.