Бұл турасында ОБСЕ-нің қазіргі төрағасы, Бельгияның сыртқы істер министрі Карел де Гюхт мәлімдеді. Одан бұрын АҚШ пен Евродақ та қамалғандарды босатуға шақырған болатын. Тіркелмеген «Әріптестік» ұйымы Беларустағы президенттік сайлауға бақылау жасау үшін құрылған еді. Ұйымның төрт мүшесі билікті басып алу әрекетін ұйымдастырды деген айыппен тұтқындалған. Жұма күні сот оларды 6 айдан екі жылға дейін бас бостандықтарынан айыру жөнінде үкім шығарған болатын.