Бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дэвид Уэлч Ливан астанасында келіссөздер өткізуде

Ол Ливан ресмилерімен Таяу шығыс шиеленісін реттеуге талпыныс жасауда. Хабарларға қарағанда, АҚШ пен Франция Таяу шығыс дағдарысын шешуге бағытталған Қауіпсіздік кеңесінің қарары бойынша бір мәмілеге келуге жақын. Париж бен Вашингтонның бағыттары толық келісілген соң, қарар жобасы Қауіпсіздік кеңесінің барлық мүшелеріне беріледі.