НЬЮ-ЙОРК: Араб Елдері Лигасының делегациясы БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесін егер Израиль мен Ливан нақты бітімге келіп, Израиль әскері Ливаннан шығарылмайтын болса, онда Ливан азамат соғысына душар болуы мүмкін деп ескертті. Келіп жеткен хабарға қарағанда, араб елдерінің табанды наразылығына тап болған АҚШ пен Франция Израиль мен “Хизболлаһ” тобының арасындағы соғысты тоқтатуды көздеген Ұлттар Ұйымы Қарарының жобасын қайта қарамақшы. Баспасөз құралдарының хабарларына қарағанда, Қарардың жобасы бейсенбіге дейін мақұлдана қоймайтын сияқты.