Тбилиси БҰҰ-ың бақылаушыларының Кодор шатқалына орналасуына қарсы емес

ТБИЛИСИ: Грузия белгілі талап-шарт бойынша БҰҰ-ының бақылаушыларын Кодор шатқалына жіберуге келіседі. Сонымен бірге ресми Тбилиси Кодор шатқалының Абхазияға қарайтын батыс бөлігіне де бақылаушылардың жіберілуін талап етеді. Кеше Грузияның сыртқы істер министрі Гела Бежуашвили осылай деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, халықаралық бақылаушылардың Кодор шатқалында болуының соңғы талап-шарттары 15-інші тамыздан кейін айқындалады.