Талдықорған қаласында өтіп жатқан сотта бейсенбі күні жәбір көруші жақ өкілдері «Өтембаевтан алдын ала жауап алған кездегі бейнетаспаны көрсетпеуі арқылы сот біздің заңды құқығымызды таптап отыр» деп наразылық ретінде сот залын тастап шығып кетті. Бірақ сот төрағасы бұл мәселені шешу үшін жариялаған үзілістен кейін әлгі бейнетаспаны көрсететіндігі туралы уәде берген соң ғана жәбір көруші жақ өкілдері сотқа ары қарай қатысты. Қазір Талдықорғандығы сот осы қылмысқа қатысты сот іс қағаздарының барлық 21 томын қарап шықты. Енді алдағы уақытта тікелей айыпталушылардан жауап алу басталмақ. Сонымен қатар прокурордың тергеу ісін аяқтап, тікелей жарыссөзге көшу керек деген ұсынысын да соттағы екі жақ қолдамады. Марқұм Алтынбектің ағасы Рысбек Сәрсенбайұлы сотқа Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан бастап жоғары лауазым иелерінің бірқатарын шақыру қажеттігі туралы өтініш білдірді. Бірақ сот оның өтінішін қанағаттандырмай тастады.
Оппозиция қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның серіктерінің өліміне қатысты Талдықорғандағы өтіп жатқан сотта бейсенбі күні әдеттегідей кезекті шағым арыздар қаралып, қылмыскер деп айыпталып отырғандардың мінездемесі, олардың мүліктерін тұмшалау туралы айта келіп, сот төрағасы «біз іске қатысты 21 томды қарап шықтық, енді айыпталушылар Өтембаев пен Ибрагимовқа сұрақ қоя бастауға болады» деген кезде Өтембаев мырза «менің денсаулығым нашарлығы себепті сотқа бүгін жауап беуден бас тартамын» деді. Оған сот төрағасы «сіз екі айдан бері денсаулығыңызға шағымданып келесіз, енді қашан жауап бермексіз?» деп еді, Өтембаев мырза «Жақтаушыларыммен ақылдасып алған соң, бәлкім, дүйсенбіде шығар» деп күмілжіді.
Осы кезде жәбір көруші жақ өкілі Рысбек Сәрсенбайұлы «Онда Өтембаевтың алдын ала тергеу барысында берген жауаптарының бейнетаспасымен танысайық» деген ұсынысын соттағы екі жақ та бірауыздан қолдағанына қарамай прокурор да, сот төрағасы да «жоқ» деп үзілді-кесілді қарсы шықты. Бұл бейнетаспаны сот отырысында көрудің қажеттігі жайлы Рысбек мырза былай дейді:
- Бейнетаспаны көру Ержан Өтембаев үшін де керек. Ол «көп жағдайды есіме түсіре алмаймын, білмеймін» деп айтып отыр. Ал бейнетаспаны көрсе, ол есіне түсіру үшін керек нәрсе ғой. Бұл бірінші жағынан, ал екіншіден, ол кездегі сұрақ-жауап қалай болды? Қандай сұрақтар қойылды, қандай жауаптар берілді? Сол кезде Ержан Өтембаевтың жағдайы, өзін ұстауы қалай болды? Ол денсаулығының болмағаны туралы сотта да, берген түсініктемелерінде де айтып жатыр. Соның анық-қанығына көз жеткізу үшін де бейнетаспаны көрген жөн.
Сот төрағасы алғашқыда «Егер Өтембаев сотқа жауап бермеймін деп отырса, бейнетаспаны көрудің қажеттігі шамалы» деген уәж айтып еді. Оған жауап ретінде жәбір көруші жақ өкілдері «бұл біздің құқығымыздың аяққа тапталуы» деп, сот залын тастап шықты.
- Бұл жерде біздің - жәбір көруші жақтың заңды құқығымыз аяқ асты етілді. Мұндай жағдайда, мұндай сотқа қалай сенуге болады? Мемлекеттік айыптаушы, егер шын мәнінде істің анық-қанығына көзін жеткізгісі келсе, шын мәніндегі қылмыскерлерді іздестіруге мүдделі болса, бұлай істемес еді. Бұл мемлекеттік, заңдық тұрғыдан қарап отырған жоқ, билік басындағы белгілі бір топтардың тапсырмасын орындау үшін сотты біржақты жүргізуге ықпал етіп отыр деген ой келеді. Сот та сондай тапсырманы орындаушылардың біреуі. Бұндай сайқымазақ сотқа қатысу біз үшін қажет болмады. Егер осындай болатын болса біз сотқа қатысудан бас тартамыз деп, соттан шығып кеттік, - дейді Рысбек мырза тілшімізге.
Онымен бірге жәбір көруші жақтың жақтаушылары да сот залын тастап кетті. Сот жағдайды құтқару үшін үзіліс жариялап, үзілістен соң ол бейнетаспаны көрсететіні туралы уәде беріп, дауды шешкендей болды. Бірақ әлгі бейнетаспаны нақты қай күні көрсететіндерін айтпады. Ал жәбір көруші жақ «ол таспаны Ержан Өтембаев пен Рустам Ибрагимовқа сұрақ қоюдың алдында көру өте қажет» деп отыр.
Жәбір көруші жақтың бұл талаптарына айыпталушы жақ өкілдері де қолдау танытты.
- Сот басталған кезде-ақ, есіңізде болса, біз сотқа сенімсіздік білдіретіндігімізді жарияладық. Себебі, сол кезде бұл сот қалай өтетіні белгілі болған. Бүгінгі өтінішті қанағаттандырмауға еш негіз жоқ болса да сот өз дегенінен таймай отыр, - деді айыпталушы Рустам Ибрагимовтың жақтаушысы Серік Сәрсенов.
Бейсенбі күні түс ауа прокурор «тергеу амалдары аяқталды, барлығы түсінікті» деп, енді бірден жарыссөзге көшу керектігін алға тартты. Бірақ бұған соттағы екі жақтың өкілдері де қарсы шықты.
- Сот барлық тергеу аяқталды дегісі келеді, ол қалайша?! Ол әлі өз қанағаттандырған біздің өтініштерімізді қараған жоқ, сөйте тұра енді жарыссөзге көшейік деуге әзірге ерте және еш негіз жоқ, - дейді жәбір көруші жақ жақтаушысы Серікқали Мусин.
Сондай-ақ марқұмның ағасы Рысбек Сәрсенбайұлы осы сотқа тергеу барысында аты аталған бірқатар лауазымды тұлғаларды, атап айтқанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан бастап, сол кездегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нартай Дүтбаевты, Парламент Сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевты, президент Назарбаевтың қызы мен күйеу баласы - Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевті, Алексей Кекшаевты және Дудаев деген азаматтарды да шақырту керек деген өтініш білдірді. Бірақ сот оның бұл өтінішін қанағаттандырмай тастады.
Бейсенбі күні сот төрешісі Л.Мерекенов жәбір көруші жақтың наразылығына қарамастан, тараптардың жарыссөзін бастауға шешім қабылдады. Алтынбек Сәрсенбайұлының құнын жоқтаушы жақ мұнымен келіспей, сот залын тастап шықты.
Мемлекеттік айыптаушы прокурор Кириленко айыптау қортындысын жариялап, Алтынбек Сәрсенбайұлы, Василий Журавлев және Бауыржан Байбосынның қазасын ұйымдастырып, өлтіргені үшін айыпты деп танып, Қазақстан парламентінің Сенаты аппаратының бұрынғы басшысы Ержан Өтембаев пен Ішкі істер министрлігінің бұрынғы қызметкері Рустам Ибрагимовты өлім жазасына кесуді сұрады.
Сондай-ақ, прокуратура өкілі осы сотқа айыпталушы ретінде тартылып отырған тағы 8 адамды әртүрлі мерзімге – 7 жылдан 20 жылға дейін бас еркіндігінен айыруға үкім шығаруды сұрады.
Сот ісінде дүйсенбіге дейін үзіліс жарияланды.