А.Сәрсенбайұлының өліміне қатысты соттағы негізгі екі айыпталушыға өлім жазасы сұралды

Қазақстан прокурорлары оппозиция лидерлерінің бірі Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты соттағы негізгі екі айыпталушыға өлім жазасының берілуін сұраған. Олар, сондай-ақ, айыпталып отырған басқа да сегіз адамға жеті жылдан 20 жылға дейінгі түрме жазасы берілсін дейді. Алтынбек Сарсенбайұлы ақпан айында өлі күйінде табылған болатын.