КИЕВ: Украинаның таяуда ғана тағайындалған премьер-министрі В.Янукович кеше елдің НАТО-ға мүше болып қабылдануы үшін жұмыс істейтінін мәлімдеді. Бірақ, кез-келген шешім референдум арқылы қабылдануға тиіс екенін ескертті. Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, В.Янукович: “Украина НАТО-ның іс-қимыл жоспарына дереу қатыспайды”, НАТО берген “нұсқаулар мен қажетті реформаларды іске асырып, Одаққа “шындап жақындауы үшін Украинаға уақыт керек” деп мәлімдеді.