Атысты 72 сағаттай тоқтату туралы Ресейдің ұсынысын Израйл қабылдамады

Бүгін Израйлдың БҰҰ-ындағы елшісі Ресейдің Израйл мен Хизболла арасындағы бір айға созылған соғысты 72 сағатқа тоқтата тұру жөніндегі ұсынысын қабылдамады. Ресейдің БҰҰ-ындағы елшісі Виталий Чуркин осыған дейін Мәскеудің Қауіпсіздік Кеңесінде атысты тоқтатуға шақырған қарар бойынша өтіп жатқан келіссөздер мәмілеге келуде бір нәтиже бермей жатқандықтан, 72 сағаттық үзіліс жасауды ұсынғанын айтқан.