Ирақтағы АҚШ әскері әл Қаидамен байланысы бар деген күдікпен 60 адамды ұстады

Бүгін Ирақта бүлікшілер қолынан сегіз бейбіт тұрғын мен бір полиция қызметкері қаза болды. Шабуыл Бағдадта, Басра, Хилла және Амарда болған. Бағдатта әл Қаида тобымен байланысы бар деп күдіктелген 60 адам ұсталды. Ирақтағы АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, тұтқындалғандардың бәрі терактілерді жоспарлап қана қоймай, оның жүзеге асырушылардың дайындығына қатысқан.