Тәжік соты президенттік гвардияның бұрынғы қолбасшысына өмір бойы абақтыда отыру жазасын берді

Бүгін Тәжікстанның жоғарғы соты осыған дейін президенттік гвардия қолбасшысы болған Гаффор Мирзоевты өмірлік абақтыға жапты. Оған қылмыстық кодекстің 8 бабы бойынша, оның ішінде билікті заңсыз басып алмақшы болған деген айып тағылған. Мирзоев ол айыптардың бәрін мойындамай отыр. Сонымен қатар, оның 15 үзеңгілесі қарулы төңкеріске дайындалды деген айыппен 12-жылдан 16-жыл мерзімге дейін сотталды. Сот отырысы жабық есік жағдайында өткен. Қорғаушылар сот процесінде өрескел заң бұзушылықтар болды деп отыр.