Горбачев Путиннің мұрагері кім болатыны туралы білу маңызды дейді

Бұрынғы совет одағының президенті Михайл Горбачев ресейліктерді 2008 жылғы президенттік сайлауда Владимир Путиннің ой-пікіріне назар аударуға шақырды. Бүгін Ресейдің “Независимая газета” басылымында жарық көрген сұхбатында Горбачев, сайлауда президенттің өз мұрагері ретінде кімнің атын атайтынын есту маңызды деген. Ресейдің Конституциясы бойынша 2008 жылы Путин екінші мерзімі аяқталған соң билікті босатуы керек.