Сирия президенті Израйл Ливан соғысында жеңіліске ұшырады деп айтты

Бүгін Сирия президенті Башар әл Ассад Израйл Хизболлаға қарсы Ливандағы соғысында жеңіліске ұшырады және Таяу шығыс бейбітшілік процесі жүзеге аспады деп мәлімдеді. Дамаскіде сөйлеген сөзінде президент Ассад оны журналистерге айтқан. Оның сөзіне қарағанда, АҚШ-тың Таяу шығыс бойынша жаңа жоспары Израйлге қарсы Хизболланың соғысында жетістікке жетуінен соң жүзеге аспай қалған. Сирия президенті сонымен қатар, бұл соғыс Таяу Шығыстағы бейбітшілік процесі сәтсіздікке ұшырайтынын әрі АҚШ-тың бұл аймақтағы жоспары сағым екенін көрсетті деді.