Осыдан екі айдан астам уақыт бұрын өткізілген парламент сайлауында партиялардың ешқайсысы да көпшілік орын ала алмаған болатын. Бүгін Чехия президенті Вацлав Клаус қазіргі премьер Иржи Пароубектің отставкасын қабылдап, сайлауда жеңіске жеткен Азаматтық демократиялық партияның жетекшісі Мирек Тополанекке үкіметті жасақтауды тапсырады. Бір айдан кейін Тополанектің үкіметіне сенім көрсету мәселесі парламентте дауысқа салынады.