Өз елінде унивеситеттерден қуылған беларусь студенттерін Еуропа елдері оқуға шақырды

ТАЛЛИНН: Бүгін Эстонияның білім министрлігі хабарлағандай, саяси көзқарастары үшін университеттен қуылған 6 беларусь студенті Эстонияға оқуға шақырылды. Министрліктің хабарына сәйкес, Беларуссияның демократиялық күштерінің бірігуіне Эстония осылайша көмектесуге үміттенеді және оған қоса Еуропаның тағы бірқатар елі беларусь студенттерін оқуға шақырып отыр.