Мәскеудегі Франция консулдығының үш қызметкері қызметінен босатылды

Францияның сыртқы істер министрлігі үш қызметкердің пара алғаны үшін қызметтерінен кетірілгені туралы фактіні растады. Тағы да төрт қызметкер өз еріктерімен жұмыстан кеткен. Франция сыртқы істер министрлігінің өкілі Дени Симоно бұлардың визаны тезірек жасауды саудалап пара алғаны үшін емес, қызмет міндеттерін дұрыс орындамағандары үшін орындарын кеткендігін айтқан. Осының алдында Франция мен Ресейдің бірқатар басылымдарында Франция консулдығының қызметкерлері визаны жеделдету үшін пара алады деген хабарлар жарық көрген болатын.