Ауғанстан президенті Хамид Қарзай халықаралық коалиция күштерінің кемінде он адамды опат еткен әуе шабуылдарын қатты айыптады

Ол Пәкістан шекарасына жақын жерде болған жайтты естігенде қатты ашуландым деген. АҚШ әскерилері бұл оқиғаны зерттеп-тексеріп жатқандықтарын айтқан, бірақ әуеден тасталған бомба бүлікшілер отырған екі көлікке түсті деген сенімде болған едік дейді олар.