1992-95 жылдардағы Босния соғысының құрбандары жаппай жерленген молалар толық аршылды

Оларда Сребренница қырғынының 1 мыңнан астам құрбандарының сүйектері жатыр. Босния соты командасының мүшесі Мұрат Нуртич құрбандар жерленген молаларды ашу барысында 1153 адамның сүйегі табылды. Оның 144-і дене мүшелері бұзылмаған қалпында, ал қалғандары түгелдей кескіленіп, бөлшектеніп көмілген дейді.