Украинаның ұлттық барлау агенттігі Сталиндік аштық кезеңіндегі 130 мемлекеттік мұрағаттың құпиялылығын жойды

1932-33 жылдардағы аштық кезінде украиндықтардың 7 миллионға жуығы ажал тырнағына ілінді деп есептеледі. Украин халқының басым бөлігі аштық қолдан жасалды, оның басқарушысы Иосиф Сталин болды деген пікір-көзқараста. Ұлттық барлау агенттігінің өкілі Васил Данилченко бұрынғы Совет елдері ішінде Украина жаппай аштық болған жылдардың құпия құжаттарын бірінші болып ашты дейді.