Дель Понте: “Сербияның... Ратко Младичті ұстап бермегені “кешірілмейді”

ГААГА: Бүгін БҰҰ-ының әскери қылмыстар бойынша Гаага трибуналында оның Бас прокуроры Карла дель Понте ханым Боснияның Сребреница қаласындағы мұсылмандарды жаппай қыруға қатысты 7 серб офицеріне тағылған айыптармен таныстыруын бастады. 1995-інші жылы Боснияның Сребреница қаласында мыңдаған мұсылман ері мен ер баласы қырылған болатын. Өзінің кіріспе сөзінде дель Понте ханым Сербияның осы күнге дейін Ратко Младичті ұстап бермегені “кешірілмейді” деп мәлімеді.