БЕЖИН: Қытай үкіметінің хабарлауынша, 24-26-ншы тамыз аралығында көрші Қазақстанмен бірлескен лаңкестікке қарсы әскери жаттығу өткізіледі. Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігі хабарлағандай, “Тянь-Шань-1” деп аталған бұл әскери жаттығу – Қазақстанның Алматы облысы мен Қытайдың Батысындағы Шыңшаң-Ұйғыр автономиялы облысының жерінде өткізілмекші.