АҚШ Ливанға 230 млн. доллардың қайырымдылық көмегін береді

ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Дж.Буштың пікірінше, Израиль мен “Хизболлаһ” тобының арасындағы бітімге қол жеткен соң, Ливанға халықаралық бітімгершілік күштерін дереу орналастыру қажеттігі туып отыр. Бүгін Ақ үйде өткізген баспасөз-маслихатында Дж.Буш осылай деп мәлімдеді. Сонымен қатар президент АҚШ-тың Ливанды 230 млн. доллардың қайырымдылық көмегімен қамтамасыз ететін хабарлады.