ТЕҺРАН: Бүгін Иранның атом энергиясы ұйымы өзінің таяу болашақта “ауыр суға” негізделген зауытты іске қосатынын мәлімдеді. Иранның “Фарс” ақпарат агенттігіне берген түсініктемесінде осы ұйым басшысының өкілі Мохаммад Саиди Теһраннан оңтүстік-батысқа қараған бетте орналасқан Арактағы зауытты “елдің ең үлкен және теңдесі жоқ жетістіктерінің бірі” деп сипаттады. Бұл зауытта ядролық реактордың жұмысына қажетті “ауыр суды” шығарады. Ресми Вашингтон ол зауытта ақыр-аяғында плутоний өндіріле ме деп күдіктенеді.