Румыния Иран Парсы шығанағында мұнай қондырғымызды басып алды дейді

Оқиға коммерциялық даудан шықты делінеді. "Джи-эс-пи" жеке компаниясы "Оризонт" мұнай қондырғысында жұмыс істеп жатқан 20 румын азаматы және жеті үнді азаматы бірнеше сағаттан соң босатылды, ешкім жарақат алған жоқ дейді. Иран ресми өкілі бұл мәліметті жоққа шығарды. Румыния сыртқы істер министрлігі Иран елшісін шақырдық, түсінік беруді талап етеміз дейді.