Франция Сыртқы істер министрінің мәлімдеуінше, әлемнің алпауыт елдері Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Теһранмен келіссөз жүргізуге дайын. Бірақ ол үшін бірінші Иран барлық уранды байыту жұмыстарын тоқтатуы керек, дейді министр. Сейсенбі күні Иран өзінің ядролық бағдарламасына қатысты келіссөз жүргізуге дайын екенін хабарлаған болатын.