"Узметалл-технология" бірлескен Өзбекстан-Израиль компаниясының қызметі күрт шектелді

Бірлескен компания үкімет қарауындағы Алмалық кең-байыту комбинатында молибден концентратын шығару монополиялық құқынан айырылды. Молибден стратегиялық затқа жатады. "Узметалл-технология" компаниясы жасаған барлық экспорт контрактілері тікелей бақылауға алынсын деп те бұйырылды. Өзбекстан үкімет бұлақтары "Узметалл-технология" компаниясы коммерциялық міндеттемелерін орындамады деп сипаттады.