БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан Еуропа Одағы Ливанда орналасатын халықаралық бітімгершілік әскерге 15 мың сарбаздың жартысынан көбін жолдауға уәде берді деп жариялады. Кофи Аннан кеше Брюссель қаласында Еуропа Одағының сыртқы істер министрлерімен кездесті. Кофи Аннан кездесуде айтылған нақты міндеттемелер үлкен сенім туғызып отыр деді. Кофи Аннан алғашқы жасақтар жақын күндері Ливанға келе берсін, Израиль мен "Хизболла" арасында жасалған келісімді жүзеге асыруды қамти берсін деп сұрадым дейді. Ливан үкіметі Еуропа Одағының уәдісін жылы қабылдады.