Жак Ширак Иранды байсалды қадамдарға шақырды

Франция президентінің бұл мәлімдемесі 31-ші тамыз қарсаңында жасалып отыр. Бұл - Техранның ядролық бағдарламасына байланысты халықаралық қауымдастықпен қалыптасып отырған дағдарысты оңтайлы шешуге берілген соңғы меже. Оған дейін уранды байытуын тоқтатпаса, Иранға тиымдар салынбақшы. Бейбіт мақсаттағы ядролық қадамдарды тоқтатпаймыз, дейді ресми Техран.