Қазақстанның адам құқығы жөніндегі ұлттық орталыққа жыл сайын азаматтардан 1000-ға жуық шағымдар түсіп тұрады және олардың саны жыл сайын азаймай керісінше өсіп келеді. Бұл туралы Астанада тамыздың 29 күні Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Болат Байқадамов хабарлады. Оның айтуынша шағымдардың азаймауының себебі - Қазақстан тұрғындары өз құқықтарын біле бастаған, ал кейбір сарапшылар керісінше жергілікті омбудсмен жұмысы тиімсіз деген пікірде.
Құрылысшы Ерболат Оспанов Астанада бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде жұмыс істеген кәсіпорыннан еңбекақыны толық алған емеспіз, дейді ол. Ерболаттың айтуынша, бұл құбылыс Астанадағы көптеген құрылыс компанияларына тән. Алайда Ерболат өз құқығы тапталды деп шағымданғаннан пайда жоқ деп санайды.
- 2 жылдан бері еңбекақымды ала алмай жүрмін. Көбісін бермеді. Қанша жерге шағымдандым - пайда жоқ. Қаншама тер төккеннің бәрі бір тиын болып кетті.
- Омбудсменге шағымданып көрмедіңіз бе?
- Естідім, көп адам ұсыныс жасады, мен оған сенбеймін.
Ал, қазақстандық омбудсменның кеңсесіне түсетін осыған ұқсас шағымдар жыл сайын көбейіп барады деп хабарланып отыр. Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанның адам құқығы жөніндегі ұлттық орталығына жыл сайын азаматтардан 1000-ға жуық арыз-шағым түсіп тұрады екен.
- Негізінен, шағымдардың үштен бір бөлігінде тұрғындар сот органдарының шешіміне наразы екенін жазады. Яғни, адам құқықтарын сақтауға жауапты адамдар өздері осы құқықты бұзып отыр, - дейді омбудсмен Байқадамов.
Оның айтуынша, шағымдардың азаймауының себебі Қазақстан тұрғындары өз құқықтарын біле бастаған. Сондықтан Қазақстанғада тез дамып келе жатқан мемлекеттердегідей нәтиже тән, дейді Байқадамов.
Ал, Қазақстандағы Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Башимов, жергілікті омбудсменнің жұмысы тиімсіз атқарылып келеді деген пікірде.
- 4 жыл бойына Болат Байқадамов өз жұмысымен адам қорғау жөніндегі орталығын пұшпаққа шығармады. Тиімді жұмыс емес оныкі. Бәрі «омбудсмендер саясатқа кіріспей, адам құқықтарына заң ретінде көмектесуі керек, ал ол құзіретім аз» деп құтылады. Оның бәрі өтірік. Бізде теорияда былай: ол саясатқа кіріспеу керек, партияларда болмау керек. Оған бәрібір болу керек - коммунист пе, демократ па - адам құқықтары Конституцияда бәріне бірдей.
Қазақстан парламенті сенатының депутаты Ермек Жұмабаев болса омбудсменнің жұмысын қанағаттанарлық деп бағалайды:
- Ешбір мемлекетте омбудсмен бәрін шешпейді. Ол түскен арыздарды тиісті органдарға жіберіп қана отырады.
Президент Назарбаевтың кеңесшісі Айткүл Самақова, жергілікті омбудсменнің жұмысына баға беру әлі ерте деп санайды:
- Омбудсмен деген институттың бізде құрылғанына 2-3 жыл-ақ болды ғой. Анау Еуропаға, Америкаға қарап, солардың жағдайына келгенше бізге әлі уақыт керек. Мен ойлаймын: бізге де 200 жыл болған кезде біз алға көп мемлекеттен өтіп кетеміз.
Қазір Қазақстанда жүрген Испанияның халық қорғаушысы, яғни омбудсмендерінің бірі Антонио Мороның айтуынша, көптеген елдердегі омбудсмендер тек кеңес берумен шектеледі. Бірақ, Еуропа омбудсмендерінің ұсыныстарына құлақ аспаған үкімет жұмысы кем болып есептеледі, дейді ол. Испанияның халық қорғаушысы Антонио Мороның айтуынша бұл елде шағымдардың 70 пайызы қанағаттандырылады екен. Ал, Қазақстанда қызметкерлері аз және бюджеті кішкентай, дейді Антонио Моро.
Қазақстандағы омбудсмен осыдан 3,5 жыл бұрын президент қаулысынан кейін дүниеге келген. Жылдық бюджет 30 миллион теңгеден аспайды. Оның сыртында жергілікті омбудсменнің құзіреті кішкентай деп хабарланып отыр.