Соңғы екі күннің ішінде Стамбул мен Мармарис және Анталияда орын алған бес бірдей жарылыстардан кемінде үш адам опат болып, көптеген кісі жарақат алды. Биліктің айтуынша осындай жарылыстар жасау İзмір қаласында да жоспарланған көрінеді. Полиция жарылыстарды ұйымдастырушыларға көмектескен кейбір күдіктілер мен пластикалық бомбаларды қолға түсірген.