Иран президенті Махмұд Ахмадинежад Теһран халықаралық қауымдастықпен келіссөз өткізуге дайын бірақ ядролық технологиясын бейбіт мақсатта одан әрі дамытады деп мәлімдеді. Ал бүгін Бейжіңде Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Арагчи Қытай сыртқы істер министрімен кездесті. Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, екі ел өкілдері Теһранның ядролық бағдарламасы төңірегінде қалыптасып отырған мәселені халықаралық қауымдастықпен дипломатия арқылы шешу керек екендігі маңызды деп мәлімдеген. Бұл келіссөз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иранның уранды байытуын тоқтатуына қойған уақыт межесіне бір күн қалғанда жүргізіліп отыр.