Нобель сыйлығының иегері адам хұқтарын қорғаушы Ширин Ебади оның өміріне жаңа қауіп төніп тұрғанын айтты
Ебадидің айтуынша, ол “әрекеттерің үшін жақында жазаланасың” деп жазылған хат алған. Теһранда орналасқан Адам хұқтарын қорғау жөніндегі орталық жетекшілерінің бірі Ебади ханым оның өміріне қауіп төніп тұрғандығы туралы бұдан бұрын да айтқан болатын.