БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан Ливанда кассеталық бомба қолданғаны үшін Израйльді айыптады

Қарапайым халық тұратын аймақтарда бұл қару түрі қолданылмауы керек еді, деді Аннан. Қай жерлерге кассеталық бомбалардың тасталғандығын көрсететін картаны беруді ол Израйльден сұрады. БҰҰ қайырымдылық істері басшысы Жан Егеланд мұндай бомбаларды Израйльдің қолдануы- адамгершілікке жат қылық, деді.