Иран елі тиым салыну қаупіне бетпе-бет келіп отыр

БҰҰ белгілеген соңғы уақыт межесіне қарамастан, Иран елі бейсенбі күні де уранды байытуын жалғастырды, дейді халықаралық атом энергиялық агенттігі. Бұл агенттік баяндамасында ол уранның электр стансасына отын үшін төменгі деңгейде байытылғаны көрсетілген. Баяндамаға толық қанағаттанып отырмағанын айта келіп, Иран тарапы, дей тұрғанмен бұл құжат нашар емес, деген көзқарасын білдірді. Агенттік тексерушілерінің “Иранның ядролық бағдарламасы әскери бағытта” деген көзқарасқа нақты дәлел таппағандары да хабарларда айтылуда.