Сирия президенті Башар әл-Ассад Таяу шығыста оқ атысуды тоқтатып, бітімді қамтамасыз етуге көмектескені үшін Кофи Аннанға алғыс білдірді. Сириядағы бүгінгі кездесуде Кофи Аннан Башар әл-Ассадқа Ливандағы Хезболла күрескерлеріне қару-жарақ жеткізуді тоқтатуға шақырды. Кофи Аннанның өкілінің сөзіне қарағанда Башар әл-Ассад Қауіпсіздік кеңесі қарарының талаптарына мойынұсынамыз деген.