Европа одағының қазіргі президенті - Финляндия Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысты дипломатиялық жолмен шешуге шақырады

Осындай мазмұндағы мәлімдемені бүгін Финляндияның сыртқы істер министрлігі таратты. Иранға халықаралық санкциялар салыну қаупі төніп тұр, 31 тамызда Қауіпсіздік кеңесінің ядролық бағдарламаны тоқтатуға берген шектеулі мерзімі өткен болатын.