Алханов “Интерфакс” агенттігіне берген сұхбатында Шешенстанның қазіргі атауының теріс мағынасы бар деп мәлімдеді. Сондықтан ол ақпарат және баспасөз министріне арнайы мамандар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерімен кездесіп, елге жаңа атау беру мәселесін талқылауға бұйрық бергендігін айтты. Алханов елдің атауын, мысалы, Нохчиин республикасы деп қоюға болады деген ұсыныс жасады.